Нұрғали Нүсіпжанов: Өнер жастары үшін ел алдына шығу, сахнада өнер көрсету – өмірі бітпейтін бәйге, бітпейтін байқау - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрғали Нүсіпжанов: Өнер жастары үшін ел алдына шығу, сахнада өнер көрсету – өмірі бітпейтін бәйге, бітпейтін байқау

26.10.2015
Нұрғали Нүсіпжанов: Өнер жастары үшін ел алдына шығу, сахнада өнер көрсету – өмірі бітпейтін бәйге, бітпейтін байқау

Бүгін «Таңшолпанда» әнші, ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов қонақта болып, биылғы Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық ән фестивалі туралы әңгімеледі.

«Байқаудың мақсаты – жас өнерпаздарды тану, оларға бағыт-бағдар беру. Кеше сайыстың бірінші кезеңі өтті. 32 қатысушының жұмыстарымен таныстық. Жақсы үміт күттіретін балалар бар екен», дейді Нұрғали Нүсіпжанов.

Сұхбат барысында әнші байқау қатысушылары туралы да айтты.

«Қатысушылар бүгін жүлде алып, жарқырап шығады деп айта алмаймыз. Себебі дарыны болғанмен, бір қайнауы жетпей тұрады. Өнер жастары үшін ел алдына шығу, сахнада өнер көрсету – өмірі бітпейтін бәйге, бітпейтін байқау деп есептеймін», -  деді әнші.

Нұрғали Нүсіпжанов сұхбатын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу