Алматыда V Халықаралық «Бастау» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда V Халықаралық «Бастау» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

26.10.2015
Алматыда V Халықаралық «Бастау» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

Виктор Мережко, Анна Вильгельми, Ерлан Нұрмұхамбетов, Макс Джейкоби және Анастасия Макеева сынды кино саласы мамандарынан құралған қазылар алқасы үздік кинотуындыларды атады.

Режиссер Аман Ажиматтың (Қырғыз Республикасы) «Дене шынықтыру мұғалімі және алтын» фильмі Гран-при  жүлдесіне ие болды. Ал, «Ең үздік көркем фильм» жүлдесіне Яна Скопинаның «Сен жұдырығыңда бір нәрсені жасырып тұрсың» атты картинасы лайық, деп танылды. Анастасия Зверькованың «Жерлесі» болса, «Ең үздік деректі фильм» атанды.

Сонымен қатар, «Ең үздік анимациялық фильм» аталымы Алена Ребезованың «Долесу», «Ең үздік сценарий» жүлдесі Анна Гороянның «Дәрігер» және «Ең үздік операторлық жұмыс» жүлдесі режиссер Диана Авхадиева мен оператор Артем Садовниковтың «Қуыршақ» картинасына бұйырды (барлығы Ресейден).

«Ең үздік әйел ролі» жүлдесі режиссер Нимрод Иткиннің (Израиль) «Көлеңкеде ештеңе өспейді» фильміне түскен актриса Жанна РазБорер ие болды. Ал, «Ең үздік ер адам ролі» режиссер Саят Ахметшәріптің (Қазақстан) «Супермент» фильміне түскен актер Әділ Молдабековқа бұйырды.

Ратмир Назаровтың (Қазақстан) «Махаббат» фильмі мен Кирилл Плетневтың (Ресей) «Настя» фильмі қазылар алқасының арнайы жүлделеріне ие болды.

Бұдан басқа, құрамында жас мамандар: Алішер Әбдісаттаров, Олжас Ермекбаев, Бегімай Мөкеева, Emma Hellebau және Өтеген Нәзира бар Халықаралық студенттік қазылар алқасының Гран-при жүлдесі «Сен жұдырығыңда бір нәрсені жасырып тұрсың» фильміне берілді. Осылайша, Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография университетінің студенті, Қазақстанда туып-өскен Яна Скопина «Бастау-2015» фестивалінің екі жүлдесіне ие болды.  

Айта кетейік, «Бастау» кинофестивалі 21-25 қазан аралығында Алматыда өтті. Оған әлемнің 20 елінен 170-ке жуық кинокартина ұсынылды.

Хабарламаларға жазылу