Қорында миллионнан астам кітабы бар елорда төріндегі Ұлттық кітапханаға келушілер саны жаңа маусымда едәуір өсті. Себебі бұл орталықта арнайы кітап бөлімдерінен бөлек, түрлі танымдық залдар саны артуда.
Атап айтсақ, кітап мұражайында көне қолжазбалардан бастап, құнды тарихи жәдігерлер де сақталған. Ыбырай Алтынсарин хрестоматиясы, Әбілғазы Баһадүрдің шежіресін де осы жерден таба аласыздар.
Сондай-ақ, мұражай төрінде әдебиеттанушы, ғалым Заки Ахметовтың 600-ден астам кітабы мен жұмыс үстелі орналасқан.
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.