Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» халықаралық ән фестивалінің гран-при иегері Ұлпан Мейрамбекқызы Әбдікәрімова қонақта болып, байқаудан алған әсерімен бөлісті.
«Сайыстарға 3 жасымнан бастап қатысамын. Сахнада эстрада жанрындағы әндерді орындадым. Еліміздің композиторларының кең тынысты әндерін айтып өстім. Үлкен сахнаға тәрбилеген ұстазыма алғысым шексіз», - дейді Ұлпан Әбдікәрімова.
Сұхбат барысында байқауда орындаған әндері туралы айтты.
«Фестивальде «Ақ маңдайлым», «Ақ ерке – ақ Жайық», «Құшақ жайған қандай адам?» әндерін орындадым. Биылғы бәйге маған бұйырған екен. Өте қуаныштымын», - дейді ол.
Ұлпан Әбдікәрімованың сұхбатын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.