Шымкентте ұшқышсыз ұшақ шығарылады. Оның ерекшелігі сол - әуеде қалықтайтын мамандардың қажеті жоқ, арнайы бағдарламаның көмегімен самғайды, деп жазады otyrar.kz.
Шағын ғана ұшақтың салмағы - небәрі 20-30 келі. Ресейден арнайы шақырылған мамандармен бірге Шымкенттің құрастырушы-инженерлері бірлесе жасап шығарған.
Барлық қадам негізінен компьютерлік жүйелер арқылы қадағаланып, механикалық және электронды автопилот арқылы басқарылады.