Таңғы кеңес. Балабақша таңдау (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таңғы кеңес. Балабақша таңдау (ВИДЕО)

29.10.2015
Таңғы кеңес. Балабақша таңдау (ВИДЕО)

Балабақша – бала тәрбиесіндегі маңызды орта. Сондықтан бала өміріндегі бұл кезеңге  ата-ана асқан жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Балабақшалар мемлекеттік, жеке және отбасылық болып үшке бөлінеді. Мемлекеттік балабақшаға сәби дүние есігін ашқан кезден бастап кезекке тұруы керек.

Ол үшін мектепке дейінгі балаларға білім беру бөлімі немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына тіркелесіз.

Мемлекеттік балабақшаның артықшылығы – бағасы мен жасалатын жеңілдіктерінде. Ал, баланың қызығушылығын арттырып, түрлі бағдарламалар ұсынуда жеке және отбасылық балабақшаны таңдаған дұрыс.

Ал, мектепке дейінгі білім беру әдістемесі барлық балабақшада бірдей.

Балабақша таңдағанда мына жайттарды ескеріңіз:

  • әуелі мекеменің бағдарламасына көңіл бөлу керек;
  • ғимараттың таза,  кең, жарық, баланың ойнап жетілуіне қажетті барлық құралдардың барына көз жеткізіңіз;
  • тәрбиешінің білімі мен біліктілігі, баламен жұмыс істеуде тәжірибесі барына назар аударыңыз;
  • тәрбиешінің мінезі, балаға жылы қабақ танытуы – басты талап болуы тиіс.

 

Толығырақ «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу