Елімізде жыл сайын 29 қазанда Инсультпен күрес күні аталып өтеді. 2004 жылы Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымы қауіпті дерттің алдын алу мақсатында осындай бастама көтерген.
Инсультқа ми қан айналымының бұзылуы себепкер болады.
Инсульт екіге бөлінеді. Біріншісі – геморрагиялық. Бұл - бас миына немесе сыртқы қабатына қан құйылу.
Екіншісі – ишемиялық. Ол - бас миының инфаркті. Ең қауіпті түрі - геморрагиялық инсульт. Мұндай кезде адам есінен танып қалады.
Қан қысымының алдын алғысы келетіндер жиі қимыл-қозғалыста болғаны дұрыс. Адам қимылдаған сайын оның ішкі энергиясы да қуаттанып, белсенді әрекет етеді.
Сондықтан барынша салауатты өмір салтын ұстанып, ауырмайтын жол іздеуге кеңес береміз.