Қытайлық ғалымдар бұлшық еттері дамыған мутант иттер тұқымын шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайлық ғалымдар бұлшық еттері дамыған мутант иттер тұқымын шығарды

31.10.2015
Қытайлық ғалымдар бұлшық еттері дамыған мутант иттер тұқымын шығарды

Гуанчжоу ғалымдары гендік инженерияны пайдаланып бұлшық еттері дамыған иттердің жаңа түрін шығарды.

Қытайлық зерттеушілер әлемде алғаш рет бигль тұқымды иттердің бойындағы миостатиннің өсуіне жауап беретін генді алып тастаған. Осының нәтижесінде Геркулес және Тяньгоу атты иттердің бұлшық еттері екі есе өсіп, олардың шыдамдылығы әлдеқайда артқан. Айта кетейік, миостатин бұлшықеттік тіннің дифференциация мен өсуін баяулатын ақуыз.

Болашақта ғалымдар иттер бойында адамда ғана кездесетін бұлшық ет дистрофиясы мен Паркинсон ауруы пайда болуы үшін тағы да гендік инженерияның әдістерін пайдаланбақ. Анатомиялық, физиологиялық және зат алмасу процесстері ұқсас болғандықтан зерттеушілерге аталған тәжірибелер аурулардың пайда болу жолдарын анықтап, оларға қарсы күрес жолдарын табуға көмектеседі.

Жануарлардың гендерін өзгерту үшін CRISPR-Cas9 әдісі қолданды. Дәл осы әдіс арқылы Сунь Ятсен Университетінің ғалымдары адам ұрығының геномын алғаш рет өзгерткен (2015 жылдың сәуір айы) еді.

Ал, мутант иттерді зерттеушілер құқық қорғау органдарында пайдалануға болатынын жеткізді.

Хабарламаларға жазылу