Халықаралық онлайн-журналистика симпозиумы онлайн-журналистика туралы кез келген тақырыпта, оның ішінде жаңалықтар контентіндегі өзгерістер, сандық журналистиканың бизнес-моделі, журналистер мен оқырмандар рөлінің өзгеруі, мобильді қосымшалардың журналистикаға әсері сынды тақырыпта жазылған зерттеу жұмыстарын қабылдайды.
Ұйымдастырушылар зерттеуге мультимедиалық элементтерді қосуды ұсынады. Яғни, қатысушылар мақаламен қоса видео, интерактивті инфографика, аудио және тағы да басқа жұмыстарын жібере алады.
Остиндегі Техас университетінде өтетін конференцияға ғылыми зерттеу тақырыбы қосылады. Сондай-ақ, ғалымдар мен журналистердің және ақпараттық агенттік қызметкерлерінің қатысуымен пікірсайыс ұйымдастырылады.
Жұмыстарға әлемнің үздік университеттерінің ғалымдарынан құралған топ анонимді түрде рецензия жазады. Симпозиумға қабылданған мақалаларды сарапшылар бағалайды және конференцияның #ISOJ ресми журналында жарияланады.
Өтініштер 8 қаңтарға дейін қабылданады.
Айта кетейік, зерттеу мақалалар ағылшын тілінде болуы керек.
ijnet.org
ФОТО: newkitty.ru