- *#06# коды
Бұл амал арқылы кез келген смартфонның IMEI нөмірін анықтауға болады.
- *#21# коды
Бұл код басқа адреске аудару қызметінің қосылуы туралы ақпарат береді. Бұдан сіздің хабарламаларыңызды ала алмай жүрген жандарды білуге болады.
- *#62# коды
Бұл әрекет сіздің смартфоныңыз өшірулі немесе байланыс аясынан тыс жерде болса, кіріс қоңырауларын басқа адреске аударады.
- ##002# коды
Бұл кодты тере отырып, басқа адреске аудару қызметін өшіруге болады. Енді қоңырауларға тек сіз ғана жауап бере аласыз.
- *#30# коды
Абонент нөмірінің анықтамасы туралы ақпарат береді.
- *#33# коды
Бұл амал қолдаулы шығыс сервистерінің (қоңырау, SMS) бұғатталғаны туралы ақпаратты көрсетеді.
- *#43# коды
Желіде күтіп тұрған қоңыраулар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
- *777# коды (Украинада ғана)
Ағымдағы теңгеріміңізді көрсетеді. Сондай-ақ, байланыс операторының анықтамалық мәзірін шығарады.