Іргетасы 1997 жылы қаланған музейде полеолит, неолит, қол, темір дәуірінен табылған құнды жәдігерлер бар. Бізге құндысы – Қаныш Имантайұлының жеке заттары. 1949 жылы Ғылым академиясының Тұңғыш Президентінің 50 жылдығына орай Литвада жасалып, сыйға тартылған үй жиһазы сол қалпында сақтаулы.
«Біздің мұражай үш бөлімнен тұрады. Бірінші – минералдар, екінші – тарих, үшінші – Қ.И.Сәтбаевтың бөлмесі. Мұнда 3,5 мыңдай экспонат бар. Бізге келушілер көп. Сондықтан, әлі де кеңейту керек»,-дейді Қ.Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік музейінің директоры Кенжалы Балкенұлы.
Ғалымның 1926 жылы табаны тиген Жезді, Қарсақбай, Сорқұдық, Айнакөл өңірі 30-шы жылдары Кеңес одағына дүркіреп аты шыққан кенді аймақ ретінде танылды.
Қарағанды облысының кен байыту ісіне Қаныш Имантайұлы етене араласты. Туған жері Баянауылдан жырақта жүріп, металлогения ғылыми мектебінің негізін қалаған ғалымның есімін Жезқазған жері де мақтанышпен айтады.
Толығырақ «Таңшолпанда».