Жамбыл облысы Байзақ ауданында сүт өнімдерін қайта өңдейтін цех ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысы Байзақ ауданында сүт өнімдерін қайта өңдейтін цех ашылды

03.11.2015
Жамбыл облысы Байзақ ауданында сүт өнімдерін қайта өңдейтін цех ашылды

Байзақ ауданында «Ағали» шаруа қожалығының «Талас» сүт өнімдерін қайта өңдеу цехы  ашылды. Кәсіпорын тәулігіне 2 тонна сүт өңдеуге қабілетті. 

Мұнда еңбек ететін 10 жұмысшының орташа жалақысы 60-70 мың теңгені құрайды. Қожалық қажетті қондырғыны Ресейден жеткізген. Цех жұмысына барлығы 40 миллион теңге қаржы жұмсалған.

Шаруашылық иелігінде 400 ірі қара, 500 га суармалы жер бар. Болашақта сүт өнімдерінің 50 түрін шығару жоспарлануда. 

Хабарламаларға жазылу