«Біздің күнделікті жүрісіміз таңғы сағат 06:00-дан 08:30-ға дейін созылады. 5-6 шақырым жүруге шамамыз жетеді. Әңгімелесе жүріп, әрқайсымыз өзіміздің жаттығуымызды жасай бастаймыз. Кімнің қандай газет оқығанын, қаламызда қандай жаңалық болып жатқанын айта отырамыз»,-дейді күнделікті таңертең жаяу жүріп, шынығатын ақсақалдардың бірі Жұмаділ Жұмабаев.
Тән сұлулығын сақтаудың, уақытпен күресудің ең тиімді жолы спорт екенін түсінген тағы бір жан – Қамбар ата. Оның күнде таңертең жаяу жүруді әдетке айналдырғанына 15 жыл болған.
«Осы жасқа жетуіме осы саябақтың әсері тиген болар. Жас келген соң көбірек жүрсеңіз, оның денсаулыққа пайдасы мол»,-дейді ол.
Ал, спортты бала күнінен жанына серік еткен зейнеткер Нұржан Жорабаев бір мезгіл велосипед те тебеді екен.
Жасы егде тартса да салауатты өмір салтын сақтаған қариялар туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.