4 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын жауып, бұрқасын соғады, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, тек республиканың оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын жүріп, жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысының жекелеген аудандарында көктайғақ күтіледі. Жамбыл облысында, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы облысының кей аймақтарында тұман күтіліп, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіліп, жел 15-20, кей жерлерінде 25 м/с күшейеді. Маңғыстау, Атырау облыстарында түнде жел 15-20, күндіз екпіні 17-22 м/с күшейеді, түнде және таңертең Атырау облысының жекелеген аудандарында тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысында тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Қостанай облысында, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, кей аймағында бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Павлодар облысында көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.