Түркістандағы ескерткіштер қайта жаңғыртудан өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістандағы ескерткіштер қайта жаңғыртудан өтеді

04.11.2015
Түркістандағы ескерткіштер қайта жаңғыртудан өтеді

Оңтүстік Қазақстан облысының басшысы Бейбіт Атамқұлов ЮНЕСКО-ның Бүкіл әлемдік мұра комитетіне мүше мемлекеттердің сарапшыларын қабылдады. Екіжақты кездесуде Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бүгінгі жағдайы мен қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мәселелері және кесенені қорғау, Түркістандағы ескерткіштерді қорғау жайы сөз болды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Қос тарап Әзірет Сұлтан мұражай-қорығының маңында құрылыс жүргізу ісінде тарихи ескерткіштерді қорғауға арналған регламентті сақтау жөнінде пікір алысты.

Халықаралық сарапшылар Түркістан қаласындағы тарихи кешенде зерттеу жұмыстарын 13 қарашаға дейін жүргізетін болады. Естеріңізге салсақ, 2003 жылы маусымда Парижде өткен ЮНЕСКО-ның 27-сессиясында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі Дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілген болатын.

Хабарламаларға жазылу