Қазақстан қатты пайдалы қазбалар қоры бойынша есеп берудің халықаралық стандартына өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан қатты пайдалы қазбалар қоры бойынша есеп берудің халықаралық стандартына өтеді

05.11.2015
 Қазақстан қатты пайдалы қазбалар қоры бойынша есеп берудің халықаралық стандартына өтеді

«Қатты пайдалы қазбалар қоры бойынша есеп берудің халықаралық стандартына өту - Қазақстанның тау-кен саласының инвестициялық тартымдылығы мен бәсекелестігін айтарлықтай арттырады. Жаһандық экономикалық дағдарыс және кен өндіру саласына шетелдік инвестиция тарту үшін бәсекелестік жағдайында инвесторлардың минералды ресурстар туралы мәліметтерге сенімділігі инвестиция туралы шешім қабылдауда аса маңызды фактор болып табылады», деп хабарлайды Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.  

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, қол қойылған құжаттың мақсаты - Қазақстанның минералды ресурстары және минералды қорлары туралы геологиялық барлау жұмыстарының қорытындысы жөніндегі ашық есеп беру Кодексін (KAZRC Кодексі) әзірлеу мен жүзеге асыруда тараптар арасында ынтымақтастық орнату

Хабарламаларға жазылу