Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын, қар жауып, тұман түседі, көктайғақ, желдің күшеюі ықтимал.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел тұрады, күші 15-20 м/с. Жамбыл облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.
Қостанай, Қарағанды облыстарында жел 15-23 м/с күшейіп, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы облысының кей аймақтарында жел тұрады - 15-20 м/с, тұман. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, күндіз жел соғады, күші 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-22 м/с күшейіп, кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Павлодар облысының кей аймағында желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с болады, бұрқасындатады. Солтүстік Қазақстан облысыныда тұман түсуі ықтимал.