Жайсыз оқиға Минас-Жерайс штатында болды. Байыту өндірісінің қалдықтарынан құралған суды бөгеп тұратын қалдық сақтайтын ғимараттың дамбасы жарылып, оның салдарынан жақын маңда орналасқан Банто ауылы суға батты.
Билік өкілдері 600-ге жуық адамды қауіпсіз аймаққа көшірді. Жергілікті кәсіподақтың алдын ала мәліметтері бойынша, 16 адам мерт болып, 45 адам із-түссіз жоғалып кетті.
Шахта Бразилияның Vale және Австралияның BHP компанияларының Samarco атты кәсіпорнына тиесілі, деп хабарлайды Reuters агенттігі.