Талдықорғанға жаңа әкім тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанға жаңа әкім тағайындалды

06.11.2015
Талдықорғанға жаңа әкім тағайындалды

Кездесуде ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен қала әкімі лауазымына ұсынылған Бағдат Қарасаевтың кандидатурасын қалалық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдағанын айтып, жаңа әкімді активке таныстырды. 

«Бағдат Әбілмәжінұлымен бұрын да бірге қызмет істедік. Алакөл ауданын басқарып жүрген кезінен, кейін облыс әкімінің аппаратын басқарғанында да ұйымдастырушылық қабілеті зор, іскер азамат ретінде білдік. Сол іскерлік қабілетінің арқасында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторлығы қызметін лайықты атқарып, ол жерде де үлкен тәжірибе жинақтады, өзінің жауапкершілігі мол, ісіне мығым екенін көрсете алды. Бүгін Талдықорған қаласын басқару сеніп тапсырылып отыр. Бағдат Әбілмәжінұлы бұл міндетті де абыроймен атқарады деп сенеміз, - дей келе облыс басшысы А. Баталов жаңа әкімнің ісіне сәттілік тіледі.

Сонымен қатар ҚР Президентінің Әкімшілігінде жаңа лауазымға тағайындалған қаланың бұрынғы әкімі Ермек Алпысовтың Талдықорғанды дамытудағы еңбегін атап өтті.

«Ермек Амантайұлы Талдықорған қаласын өркендетуде бірқатар іргелі істер жасады. Осы істердің басы-қасында жүрген Ермек Амантайұлына алғыс айтамыз. Жаңа қызметте еңбегіне табыс, сәттілік тілейміз, - деді А. Баталов.

Кездесу қорытындысында облыс әкімі А. Баталов Талдықорған қаласын өркендетуге қатысты алда тұрған бірқатар міндеттерге тоқталып, соның ішінде қаланы Бас жоспарға сай дамыту, қаланың санитарлық тазалығы, облыс орталығына инвестиция тартып, өндірісті өркендету жөнінде жаңа басшылықтың алдына нақты міндеттер қойды.

Хабарламаларға жазылу