Мұхтар Әуезов Сүйінбай Аронұлына «Айтыс өнерінің алтын діңгегі», деп бекер баға бермесе керек. Ел тағдырын толғап, шежіремізді шебер тілмен шертіп, тарих тереңіне бойлаған Сүйінбай ақынның шынында алтын діңгек екені ақиқат.
Осыдан біраз уақыт бұрын Талдықорғанда Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына арналған «Сөздің пірі – Сүйінбай» атты халықаралық ақындар айтысы өтті.
Айтысқа арысы Қытай, Моңғолия мен Қырғыздан, берісі еліміздің әрбір өңірінен 20-ға жуық ақын қатысты.
Жыр додасының телевизиялық нұсқасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 13:10-да тамашалай аласыздар.