Әлемдегі ең кішкентай метро - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ең кішкентай метро

08.11.2015
Әлемдегі ең кішкентай метро

Израильдік Хайфа белестері арқылы тростардың көмегімен еркін жүретін пойыздың фуникулер және метротрамдық қасиеті бар.

Жергілікті көлікті кармелит деп атайды. Дәл осы көлік өзінің екіжақтылығына қарамастан, әлемдегі ең кішкентай метро саналып, Гиннестің рекордтар кітабына енген. Ұзындығы – 1803 метр.

Кармелит – ең кішкентай қана емес, сондай-ақ, ол ең керемет көлік. Станция саны – алтау. Олардың арасында 30 метрлік тереңдікте қарама-қарсы бағытта екі құрам жүреді.

Вагондар көбіне бос. Пойыз 400 жолаушыға арналғанымен, оған тек 10 шақты адам мінеді. Кармелит өзінің алғашқы жолаушыларын 1959 жылы тасыды. Сол жылдары тауларға әрең шығатын автобустарға қарағанда, пойыз таптырмас көлік болды. Себебі, кармелит бір станциядан екіншісіне небәрі алты минутта жеткізді. Ал, автобуспен жүргенде бұл жол 40 минутқа созылатын.

Алайда, метрополитен 60-шы жылдардың соңына қарай керексіз бола бастады. Бүгінде турникеттен күніне 1,5 жолаушы ғана өтеді.

Кармелит бірде жабылып, бірде қайта ашылды. Нәтижесінде, шығын болса да, жергілікті көрнекілік ретінде қалдырылды. Бүгінде Хайфа қазынасы метроға жыл сайын 3 миллион АҚШ долларын бөліп отыр.

Хабарламаларға жазылу