Осыдан 40 жыл бұрын америкалық режиссер К.Лифт өзінің фильмдеріндегі образдарды құммен салып көрсетті. Көрермендердің назарын аудару мақсатында режиссердің ойлап тапқан техникасы бүлдіршіндерді ғана емес, ересек адамдарды да таңғалдырды.
Уақыт өте келе бұл өнер біздің елімізге де келіп жетті. Құммен сурет салу кез келген жанның ойлау қабілеті мен зейінін арттырады. Бұл өнердің ерекшелігі, кез келген бейнені дәлме-дәл қайта көшіріп салу мүмкін емес. Сондықтан, шеберлер оны таспаға түсіріп алатын болған.
«Бұл жұмыста қажетті басты қасиет - шыдамдылық. Себебі, құм адамның көңіл күйі мен жағымсыз энергиясын сезінеді», дейді құммен сурет салушы шебер Екатерина Джепка.
Көл жағасында құммен салынған аққу бейнесін қоқиқазға қалай айналдыруға болады? «Таңшолпаннан» көріңіз.