«Қазақстан» телеарнасынан күн сайын пайдалы кеңестер алыңыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телеарнасынан күн сайын пайдалы кеңестер алыңыз

09.11.2015
«Қазақстан» телеарнасынан күн сайын пайдалы кеңестер алыңыз

Қысқа мерзім ішінде жоба көрермендердің көңілінен шығып, сүйікті бағдарламаларының біріне айналды. Бағдарлама әртүрлі жастағы көрермендерге арналған.

«Бірге таңдаймыз» бағдарламасының жүргізушісі Нұрбигүл Егізова: «Күн сайын тұрмыста қажет, әрі үй жағдайында өздеріңіз жасай алатын пайдалы кеңестермен бөлісеміз. Біз жаңашылдық пен заманауи талаптарға ұмтыла отырып, өз кеңестеріміздің жеңіл, әрі түсінікті болуына назар аударамыз» дейді.

Бағдарламаның продюсері Әйгерім Есенәлі: «Біз, сондай-ақ отандық өндірушілермен бірлесе отырып жұмыс істейміз. Оларды көрермендерімізге таныстыра отырып, халық арасында кеңінен таралуына қолдау көрсетеміз. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі кезде қазақстандық дарынды да талантты дизайнерлер және қолөнер шеберлері өте көп», - дейді.

Бағдарламаның форматы жаңа. Күн сайын біз телекөрермендерімізбен бірге кешкі ас мәзірін, киім үлгісін бірге таңдап, күнделікті тұрмыс мәселелерін бірге шешіп, ең бастысы, өз уақытымыз бен қаражаттарымызды тиімді үнемдеудің жолдарын іздейміз.

Осы бағдарлама эфирге шықаннан бері редакцияға телекөрермендердің оң пікірлері көптеп түсуде.

Сөз соңында, «Қазақстан» телеарнасының көрермендеріне пайдалы кеңестер көп болып,  «Бірге таңдаймыз» бағдарламасымен бірге әрдайым көтеріңкі көңіл-күйде болыңыз!

 

Хабарламаларға жазылу