«Тарих толқынында». Хан Кене - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тарих толқынында». Хан Кене

09.11.2015
«Тарих толқынында». Хан Кене

Кенесары қазақ халқының дербес мемлекеттілігін қалпына келтіру, халқын бодандықтан құтқарып, басын біріктіру, азаттық пен бостандыққа қол жеткізіп, тәуелсіз ел ету мұратын көздеген сұңғыла саясатшы, қайраткер, ірі мәмілегер, дарынды әскери қолбасшы ретінде ел есінде қалды.

Ол мемлекет тәуелсіздігінің өте маңызды іс екенін халық санасына құюда қыруар еңбек атқарды. Мемлекет мүддесін қорғау жолында жауды жеңіп, тәуелсіздікке қол жеткізу үшін халықты біліктілікпен басқару көп септігін тигізетінін жете түсінді.

Кенесары Қасымұлы өз айналасына ең адал кеңесшілер мен батырларды, халық арасынан отарлық езгіге қарсы ең беделді, белсенді азаматтарды топтастыра білген басшы.

Қазақтың соңғы ханының бас сүйегі қай жерде сақтаулы? Кенесары Қасымұлы туралы тың деректерді бүгін 19:05-те «Тарих толқынында» хабарынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу