Қазақстанда көліктер 1-1,7 млн теңгеге қымбаттаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда көліктер 1-1,7 млн теңгеге қымбаттаған

10.11.2015
Қазақстанда көліктер 1-1,7 млн теңгеге қымбаттаған

Қазақстанда көк қағазбен бірге көлік те қымбаттады. Тек сырттан тасымалданатын машиналар ғана емес, елде құрастырылып жатқан автокөліктердің де бағасы аспандап кетті, деп almaty.tv хабарлайды.

Мәселен, зауыттан өткен жылы шыққан кореялық машиналарға 400-ден 700 мың теңге аралығында баға қосылса, 2015 жылғы көліктер 1,7 миллион теңгеге бір-ақ шарықтаған. ŠKODA, Chevrolet, Mercedes-Benz, Audi, Porsche, Nissan және Toyota мен Lexus маркаларының да бір миллион теңгеге дейін құны көтерілген. Тамыз айынан бері темір тұлпарларға теңгенің қосылуы осымен үшінші рет тіркеліп отыр.

Хабарламаларға жазылу