Мамандар оятқыштың әуені баяу әрі жағымды болуы қажеттігін айтады. Жағымсыз әуендер ағзаға кері әсер етіп, көңіл күйді түсіреді. Сондай-ақ, жүректің қағысын төмендетіп, артериялық қан қысымына әкелуі мүмкін.
Ең алғаш «отты» сағаттар Қытайда оятқыш есебінде қолданылды. Тек 1787 жылы америкалық Леви Хатчинс сағаттың механикалық түрін ойлап тапты. Бірақ, автор оны тек өз ыңғайына қарап жасады. Бұл оятқыш оның күнделікті жұмысқа тұратын уақыты - сағат таңғы 4-те шырылдайтын. Сондықтан, бұл жұрттың бәріне бірдей ыңғайлы болған жоқ.
1847 жылы алғашқы заманауи оятқышты франуцуз инженері Антуан Радье құрастырды. Кез келген қажетті уақытта шырылдайтын сағат халық көңілінен шықты.
Ал, электрлі оятқыштардың тарихы туралы не білесіз? Толығырақ «Таңшолпанда».