Жарыста жүлде бес жас категориясы бойынша сарапқа салынбақ. Чемпионатқа Қазақстаннан бөлек, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Ресей және Біріккен Араб Әмірліктерінің үздік спортшылары қатысады.
Османжан Қасымов 76 келі салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады. Еліміздің атынан партерге шығатын ол бұған дейін талай жарыстың жеңімпазы атанған.
«Осыған дейін аралас жекпе-жекке қатысатынмын. Джи-джитсумен айналысып жүргеніме екі жыл болды. Бұл - спорттың ерекші түрі», дейді ол.
Мамандар шахмат ойынына теңейтін спорт түрі туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіздер.