Астанада «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты» VII Халықаралық форумы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты» VII Халықаралық форумы өтеді

11.11.2015
Астанада «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты» VII Халықаралық форумы өтеді

Форумда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Дариға  Назарбаева, Кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов,  «Қазақмыс» коорпорациясы» ЖШС-нің Директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай, TVET UK  атқарушы директоры Мэтью Андерсон, Түркия Республикасының Үкіметі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің Қазақстандағы өкілдігінің  төрағасы Мехмед Бодур, Ресей орта арнайы оқу орындары директорлары кеңесінің президент Виктор Демин сөз сөйлейді.

Сонымен қатар, Форум жұмысына Германия, Финляндия, Ұлыбритания, Польша, АҚШ, Оңтүстік Корея, Белоруссия, Ресей, Өзбекстаннан халықаралық сарапшылар, ЕуроОдақ, Дүниежүзілік банк, Британ Кеңесі, PISA (Ұлыбритания), GIZ (Германия) және ұлттық шетелдік компаниялар мен холдингтар, Қазақстан салалық қауымдастықтардың өкілдері, жұмыс беруші әлеуметтік әріптестер және тағы басқалар қатысады.

Форумның барлық қатысушылар саны 700 адам.

Жиынға қатысушылар еңбек нарығына бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандар даярлауда серіктестікті тиімді дамытудағы тәжірибелерімен бөліседі. Сондай-ақ индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кадрлар даярлау, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне жаңа инновациялық әдістерді пайдалану тетіктерін  талқылайды.

Форум аясында «Шеберлер қаласы» көрмесі және техникалық және кәсіптік білім беру саласының ардагерлерін, «World Skills International» Халықаралық көрме жеңімпаздарын, сондай-ақ өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерін марапаттау рәсімі өтеді.

Хабарламаларға жазылу