Астанадағы «Қазмедиа орталығында» Қазақстан халқы Ассамблеясның «Бейбітшілік пен келісім мәдениеті» ІІ халықаралық медиа форумы басталды.
Ассамблея жылына орай өтіп жатқан шараның мақсаты – қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту мен дамыту, отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін талқылау.
Форум аясында «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы» атты фотокөрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «ҚХА 20 жыл: Бір ел – бір тағдыр» жинағының таныстырылымы өтеді.
Сонымен қатар, түрлі тақырыптарда панелдік сессиялар ұйымдастырылып, «Шаңырақ» шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.