Құла бие қыр жусап,
Тұма ойға жыр сусап
Құлан иек таң атты,
Құба бояу жалатты.
Жалқын түске тұншықты,
Алтын жалды Күн шықты.
Көлеңкелер қысқарып,
Көк түтінге ысталып...
Ақын Мүсіркеп Сейдахмет әдебиетке кеш келді. Отызды орталап, қырыққа қадам басқан шағында қолына қалам алды.
Ол 1955 жылы 6 желтоқсанда Қарағанды облысы, Ұлытау ауданының Шеңбер ауылында дүниеге келген.
«Мен қазақтың киелі үш топырағын басып, ауасын жұтып өскен адаммын. Оның бірі - кешегі Ахмет, Ыбырай, Міржақыптар шыққан топырақ - Торғай өңірі, екіншісі - қазақтың ұйытқысы болған Ұлытау, үшіншісі - талай аңыз тұлғаларға мекен болған Арқаның ең биік шыңы Ақсораң тауы», дейді ақының өзі.
Оны шығармашылық арнаға бұрғызған - тегеурінді таланты. Бүгінде Ақтоғай аудандық «Тоқырауын тынысы» газетінде қызмет атқарады.
Ақындар туралы «Жабырқаса өмір жайлы тоғанып, масайраса махаббатты жазады», деп жырлаған шығармашылық иесі туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.