Гүлнұр Оразымбетова 15 қарашада Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында жеке шығармашылық кешін өткізбек.
Ал, 16 қараша, сағат 19.00-де Майра Илиясованың ұйымдастыруымен дәстүрлі «Сағындырған әндер-ай» атты ретро ән кеші өтеді. Оған республикаға танымал 75 әнші қатысады.
«Мақсатымыз - ретро әндерді, халық әндерін, халық композиторларының әндерін халыққа сол күйінде бұзбай жеткізу. Бұл - «Сағындырған әндер-айдың» 10 жылдан бері атқарып келе жатқан негізгі миссиясы», дейді Майра Илиясова.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіздер.