Алматы қаласының әкімдігі «Инвестицияларды тарту бойынша кешенді жоспар» әзірледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы қаласының әкімдігі «Инвестицияларды тарту бойынша кешенді жоспар» әзірледі

13.11.2015
Алматы қаласының әкімдігі «Инвестицияларды тарту бойынша кешенді жоспар» әзірледі

Жоспарды іске асыру қалаға 2016 жылдың аяғында 30-ға жуық шетелдік инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.

Жоспар 28 іс-шарадан тұрады және ол 3 топтамаға бөлінген: «Инвесторларға жағдай жасау», «Инвесторларды тарту» және «Инвестициядан кейінгі мониторинг».

Бірінші топтамаға инвесторлардың мәселелерін айқындау, сондай-ақ Алматы қаласының қолдағы бар бизнес-мүмкіндіктері туралы ақпараттық жұмыс жүргізу бойынша іс-шаралар кірді.

Бұл топтама шеңберінде инвесторлардың әрекет етуі кезінде кездесетін мәселелерді анықтау мақсатында әрекет етіп жүрген инвесторларға сұрақ-жауап жүргізу жұмысы ұйымдастырылады.

Бұдан басқа, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында бизнесті жүргізу мүмкіндіктері мен Алматы қаласының инвестициялық ахуалы туралы материалдар жарияланады.  

Екінші топтама іске асырудың барлық сатысындағы инвестициялық жобаларды алып жүруден, венчурлық инвестициялар форумын өткізуден және басқа да іс-шаралардан тұрады.

Үшінші топтамаға әрекет етіп жатқан инвесторлардың деректер қорын қалыптастыру және өзектендіру; инвесторларды заңнамадағы, рәсімдердегі және инвестициялау шарттарындағы өзгерістер туралы ақпараттандыру; әлеуетті инвесторлармен өткізілген кездесулердің тиімділігіне талдау жасау бойынша іс-шаралар кірді.

Шетелдік инвесторлармен кездесулер «Инвестицияларды тарту бойынша Кешендік жоспарын» іске асыру тетігі көздерінің бірі болып табылады. Соңғы үш айдың ішінде, Алматы қаласының әкімдігі Швейцарияның, Польшаның, Германияның, Австрияның, Түркияның, Румынияның, Литваның және басқа да елдердің әлеуетті инвесторларымен 60-қа жуық кездесу өткізді.

 

Хабарламаларға жазылу