Бұл туралы ол Figaro басылымына берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Риа Новости.
«Сириядағы 10 мыңнан астам археологиялық ескерткіштердің 300-ге жуығы бұзылды»,-деді Абдулкарим.
Оның сөзінше, мәдени ескерткіштердің қирауына үкімет әскері мен содырлар арасындағы қақтығыстар мен заңсыз қазба жұмыстары себеп болып отыр.
Сонымен қатар, ол мәдени құндылықтардың жойылуына «Ислам мемлекеті» ұйымының идеологиялық саясаты да зардабын тиігізіп отырғандығын атап өтті. Бұл ретте ол Пальмирадағы жағдайды мысалға келтірді. Онда соғыстың салдарынан баспанасыз қалған азаматтар тарихи жәдігерлердің айналасына құрылыс салып алған.
Абдулкарим сонымен қатар, департамент тарапынан қолға алынған шаралар туралы да айтып берді. «Елде түрлі қақтығыстар басталып, жағдай шиеленісіп бара жатқан 2012 жылдың жаз мезгілінің соңына таман біз барлық музейлерді жауып тастап, археологиялық нысандарды Дамск мен өзге де қалалардағы қауіпсіз аймақтарға көшіре бастадық»,-деді департамент директоры.
Оның сөзінше, жергілікті билік өкілдерінің тарихи құндылықтарды қорғау тәсілдері аймақта қалыптасқан жағдайға байланысты. «Егер тарихи мұра орналасқан аймақты билік әскері билік құрса, біз полиция мен кеден органдарының көмегіне жүгінеміз. Ал, егер мемлекеттің биілігі онда жүрмейтін болса, қарақшыларға қарсы әрекет етуде біз жергілікті элита мен дін өкілдерінен көмек сұраймыз»,-дейді Абдулкарим.