Қаншама адамға өмір сыйлаған дәрігерлер екі күн қатарынан үш күрделі операция жасап, өңірдегі әріптестеріне шеберлік сағатын өткізуде.
Шетел дәрігері оңтүстікқазақстандық онкологтардың біліктілігін жоғары бағалады. Ол жалпы бауырға жасалған 5 ота да қан жоғалтусыз сәтті аяқталып, мұндағы дәрігерлердің қызмет көрсету сапасы халықаралық стандарттарға сай жоғары деңгейде жүргізілгендігін атап өтті.
Айта кетейік, Ч.Джигжидсурэннің қатысуымен осы уақытқа дейін 30-дан астам ота жасалып, ұйқы безі мен бауыр ісігіне шалдыққан ауруларға 120-дан астам кеңес берілді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жалпы жыл басынан бері облыста 100-ден аса бауыр қатерлі ісігіне және 70-ке жуық ұйқы безінің қатерлі ісігіне операциялар жасалады. Қазіргі таңда облыс әкімдігінің қолдауымен обырға шалдыққан науқастардың сауығуы үшін қоғамдық ауруханаларда барлық жағдай жасалған.