Жобаны «Астана INNovations» компаниясы әзірлеген. Денсаулық сақтау саласының қызметтерінен бастап, көлік тұрағын реттеу сияқты қала халқының барлық мәселелерін қамтитын «Ақылды қала» технологиясына бүгінде ел ордасы – Астана қаласы өтуде.
Айта кетейік, аталған жоба негізінде әлемнің көптеген ірі қалалары жұмыс істейді. Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне таныстырылған жобада тоғыз бағыт қамтылған. Олар - денсаулық сақтау мен білім, көлік – көлік тұрағы және қоғамдық көлік, тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы, жарықтандыру, бірыңғай төлем құжатын ендіру және аталған салада дұрыс шешім қабылдауды үйрену, қауіпсіз – қала бойынша бейнебақылау орнату, Шымкент қалалық әкімдігінің қызмет көрсету сапасын арттыратын зияткерлік байланыс орталығы сияқты бағдарлар орнату.
Жобаны әзірлеушілердің айтуынша, Шымкентке «SMART-технологияны» ендірудің артықшылығы сол, ол кезде шаһар жұртшылығының өмір сүру сапасы арта түседі. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттік шығындар азайып, сәйкесінше, кіріс көлемі ұлғаяды.