Алматы облысының әкімі Амандық Баталов АҚШ-тың Бас консулы Марк Мудимен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов АҚШ-тың Бас консулы Марк Мудимен кездесті

13.11.2015
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов АҚШ-тың Бас консулы Марк Мудимен кездесті

Кездесуде облыс басшысы А. Баталов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, табиғи-климаттық жағдайы мен өлке тарихы туралы баяндады.

Өз кезегінде Бас консул ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашатын осындай кездесу ұйымдастырғаны үшін облыс басшылығына алғысын айтты.

Жиында мәдени байланыстардың түрлі бағыттары сөз болып, білім, ауыл шаруашылығы және бизнес салалары бойынша тәжірибе алмасу жайы талқыланды.

Кездесу алдында АҚШ-тың Бас консулы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттерімен және профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті.

Басқосуда АҚШ университеттерімен ынтымақтастық және студенттер алмасу бағдарламасы жайлы кеңінен сөз болды. 

 

 

Хабарламаларға жазылу