Жыл басынан бері Астанада бала туу көрсеткіші 4 пайызға артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері Астанада бала туу көрсеткіші 4 пайызға артты

13.11.2015
Жыл басынан бері Астанада бала туу көрсеткіші 4 пайызға артты

Қалада үш перинаталды орталық жұмыс істейді, онда айына 2 мың 400 сәби дүниеге келеді.

Ағымдағы жылдың басынан бері қала халқының жалпы тууы 4 пайызға өсті, туу көрсеткіші 1000 адамға 29,78 -ді құрады.

Орта есеппен алғанда тәулігіне 67-69 сәби дүниеге келеді, жаңа туылған сәбилердің 85 пайызы ауруды ерте анықтау неонаталды скринингінен өтеді.

Ана мен сәби өлімін азайту бойынша жағымды динамика байқалады. Демографиялық жағдайды жақсарту, ана мен бала өлімін азайту үшін Астана қаласы Педиатрия қызметінің тұжырымдамасы әзірленді, ол – неонтология мен педиатриядағы жаңа бағыттарды дамытуға, мамандарға тәлімгерлік пен шеберлік сыныптары үздіксіз білім беру, стационарлар мен емханалар арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған жұмыс. 

Хабарламаларға жазылу