«Бірге таңдаймыз». Әнші Інжу істен шыққан ілмектерді кәдеге жаратудың жолдарын ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бірге таңдаймыз». Әнші Інжу істен шыққан ілмектерді кәдеге жаратудың жолдарын ұсынады

17.11.2015
«Бірге таңдаймыз». Әнші Інжу істен шыққан ілмектерді кәдеге жаратудың жолдарын ұсынады

Үйіңіздегі істен шыққан ілмектерді тастауға асықпаңыз. Әнші Інжу «Бірге таңдаймыз» бағдарламасы арқылы кәдеге жарар кеңестерін ұсынады.

«Кішкентай күнімнен қолөнерге өте жақынмын. Анам да он саусағынан өнер тамған шебер кісі. Оның үстіне, алғашқы алған мамандығым - модельер-дизайнер. Мұндай жұмыстармен айналысу жаныма ләззат сыйлайды», дейді өнер иесі.

Біріншіден, ілмектерден жасалған браслетті сasual стиілендегі киімдермен таққан жөн; 

Былғары күртешелермен тағып жүру де сәнді көрінеді. Сондай-ақ, сәнді түйреуіш ретінде шашқа немесе кез келген көйлекке әр беріп тұрады.  

Ең тиімді тұсы - жасалу жолы жылдам әрі қарапайым. Сондықтан, дүкен сөрелерінен сатып алғаннан гөрі бірнеше есеге арзанға түседі.

Ендеше, кеңесіміз кәдеңізге жарасын!

 

Хабарламаларға жазылу