АҚШ-тың 22 штаты сириялық босқындарды қабылдаудан бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың 22 штаты сириялық босқындарды қабылдаудан бас тартты

17.11.2015
АҚШ-тың 22 штаты сириялық босқындарды қабылдаудан бас тартты

АҚШ-тың 22 штаты Парижде болған терактіден кейін сириялық босқындарды қабылдаудан түбегейлі бас тартты, деп хабарлайды cnbc.com.

Бұған дейін Американың Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Майкл Маккол Президент Барак Обамаға сириялық қашқындарды қабылдау бағдарламасын тоқтатуды ұсынған еді. Қазіргі кезде тек Коннектикут және Пенсильвания штаттары ғана босқындардан бас тартпай, қабылдауды жалғастыратынын мәлім етті.

Десе де, АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің өкілі Марк Тонер сириялық босқындарға қатысты құжатты өзгертпейтінін айтты. Соған сәйкес, 2016 жылға дейін кем дегенде 10 мың босқын Америка аумағына кіре алады.

Хабарламаларға жазылу