«Көңілашар» әзіл-сықақ бағдарламасында Ләйлә Сұлтанқызының тобы «Ромео мен Джульетта» қойылымын ұсынды. Қойылым қазылар алқасының көңілінен шығып, ең жоғары ұпай жинады.
«Әлемдік классиканың жауһары – Шекспирден басталып, қазақтың махаббатына айналды. Қабыл «суға салсаң - батпайтын, отқа салсаң - жанбайтынын» көрсетті. Әзілді де, драма, трагедияны да ойнағалы тұр. Бұл топтың фантазиясы, импровизациясы ұнады. Керемет көңіл-күй сыйлады», - деді қазылар алқасының мүшесі Сайлау Қамиев.
Сондай-ақ, Тұрсынбек Қабатов Ләйлә Сұлтанқызының тобы берілген тапсырманы орындағанын, өте жақсы қойылым болғанын айтты.
«Көңілашар» әзіл-сықақ бағдарламасының толық нұсқасы