Павлодарлық бес студентке ҚМДБ-ның атынан шәкіртақы тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық бес студентке ҚМДБ-ның атынан шәкіртақы тағайындалды

19.11.2015
Павлодарлық бес студентке ҚМДБ-ның атынан шәкіртақы тағайындалды

Павлодарда оқудан тыс уақытта Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінен білім үйреніп, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып жүрген бес студентке ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы атындағы шәкіртақы тағайындалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша және Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлы хабарлады.

«ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы, Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің бас имамы Нариман Исенов «Жастар - ел болашағы» акциясы аясында оқудан тыс уақытта мешітімізден діни білім үйреніп, көптеген іс-шараларға белсенді қатысып, өзгелерге үлгі болып жүрген бес студентке Бас мүфтидің атынан 10 000 теңгелік шәкіртақы тағайындады. Шәкіртақы жаз айларынан басқа уақытта жастар оқуын бітіргенге дейін тұрақты түрде беріліп тұрады», - деді А. Тойшыбайұлы.

ҚМДБ-ның жалпы және жастар бөлімінің басшысы Алтынбек Ұтысхан Павлодар облысындағы іс-сапары барысында студенттермен кездесіп, Бас мүфти атынан тағайындалған ай сайын берілетін 10 000 теңгенің сертификатымен бірге алғашқы шәкіртақыларын да табыстады.
 

Хабарламаларға жазылу