Қойылым 4 акт пен 5 көріністен тұрады. Операда Абайдың өмір сүрген заманы мен ондағы қоғамдық көрініс, әлеуметтің тұрмысы, бай мен кедейдің арасындағы таптық бөлініс шебер сомдалады.
Сонымен қатар, шығармада жақсылық пен зұлымдық, яғни, алдыңғы қатарлы озық ой мен кертартпа күш үнемі арбасып отырады.
Ұлы жазушы М.Әуезовтің либреттосына жазған «Абай» операсының қойылымын еліміздің өнер саңлақтары сахналауда. Қойылымның музыкалық және көркемдік жетекшісі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры, белгілі дирижер А.Бөрібаев.
Кешегі күні сахналанған операның премьерасына А.Жұбановтың ұрпақтары мен өнер сүйер оңтүстікқазақстандықтар қатысып, шығарманы тамашалады, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, екі күндік қойылым бүгін де өз көрермендерін күтеді.