Еуропа мен Азия арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағыты роуд-шоуының тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа мен Азия арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағыты роуд-шоуының тұсаукесері өтті

19.11.2015
Еуропа мен Азия арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағыты роуд-шоуының тұсаукесері өтті

Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шараның қосымша ұйымдастырушылар ретінде Қазақстан, Украина, Әзірбайжан және Грузия логистикалық компаниялардың, Ақтау және Батуми теңіз порттарының, Әзірбайжан Каспий кеме компаниясының өкілдері қатысты.

Басқосуда Қазақстанның Украинадағы Елшісі Зауытбек Тұрысбеков іс-шараның қатысушыларына өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанның дәйекті, жүйелі саяси және экономикалық жаңғырту үдерісі туралы әңгімеледі.

Ол инфрақұрылымды дамыту, жұмыс орындарын құру және Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайтуды негізгі мақсат ретінде көздеп жатқан «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысушылардың назарын аударды. Сондай-ақ, елші қатысушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған стратегияның негізгі мақсатын, яғни Қазақстанды ірі еуразиялық көлік және транзиттік хабқа айналдыру, Орталық Азия өңірі арқылы барлық ірі құрлықтық көлік дәліздерін құру және қосу, түсіндірді.

«Әнгіме барысында З. Тұрысбеков қазақ-украин ынтымақтастығының мәселелерін қозғады. Оңтүстік Кавказ елдер және Ақтау порты арқылы тиімді транзиттік желісін құруға екі мемлекет басшылары келіскенін де атап кетті», делінген баспасөз хабарламасында.

Іс-шараның қатысушылары жобаның транзиттік әлеуетін асыруда және еуразиялық континентте сауданы дамыту үшін пайдасы зор екенін атап өтті.

 

Хабарламаларға жазылу