Астанада жаңажылдық демалыс кезінде 31 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін қоғамдық көліктің арнайы қозғалыс кестесі ұйымдастырылды.
Жаңа жыл кешінде Астанада қоғамдық көліктің қозғалыс кестесі түнгі сағат 1:00-ге дейін ұзартылды.
2017 жылдың 1 қаңтарында таңғы сағат 6:00-ден 10:00-ге дейін барлық қалалық бағдарлар қозғалысының аралығы 20 минуттан болады, ал, 10:00-ден кейін демалыс күндердің кестесі бойынша жүреді. Қала маңы бағдарлары №№ 303, 304, 306, 307, 308 таңғы сағат 6:30-дан 10:00-ге дейін 30 минут сайын, 10:00-ден кейін демалыс күнгі кесте бойынша жүретін болады.
2017 жылдың 2 және 3 қаңтарында барлық маршруттар демалыс күнгі кесте бойынша жүреді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.