Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Басқарма өкілдерінің айтуынша, есірткіні құқық қорғаушылар күдікті азаматты арнайы рентген аппаратынан өткізген соң анықтаған. Ұсталған азаматтың асқазанынан белгісіз бір заттардың сұлбасы байқалған.
Есірткі саудагерінен салмағы 465 грам болатын жоғарыконцентрацияланған героині бар 74 капсула алынды.
Ұсталған азамат қазір өзінің кінасын мойындап, тергеу амалдарына көмек көрсетуде, деп хабарлады басқарма өкілдері.
Бұл оқиға бойынша, ірі көлемде есірткі саудалады деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, ұсталған азаматқа тағы контрабандалық тауар тасымалдады деген күдік келтіріліп отыр.
Бұрын сотталған 25 жасар Кемеров облысының тұрғыны 25 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Шілде айында «Домодедово» әуежайынан асқазанында 800 грам кокаинді алып өтпек болған Эквадор азаматы ұсталды. Арнайы тексерулер барысында оның асқазанынан 21 контейнер қолдан дайындалған сұйықтық алынды.