Бұл туралы бүгін Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету бойынша Астана қаласы үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында қала прокурорының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов мәлім етті.
Оның айтуынша, қылмыстың 12 пайызы қоғамдық көліктерде жасалады. Сондықтан автобустарды бейнетіркегіштермен жабдықтау туралы шешім шығарылды. Қазіргі кезде осындай құрылғымен 320 автобус жабдықталды, ал 2017 жылға дейін мыңға жуық қоғамдық көлікке орнату жоспарланып отыр. Бүгінде осы жұмыстардың алғашқы нәтижелері байқалған. Биылғы 10 айда Астананың құқық қорғау органдарына құқық бұзушылақтар туралы 166 мың хабарлама түскен.