Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтпек.
Алаш көсемінің мерейтойын халықаралық деңгейде ұйымдастыру туралы ұсыныс Парижде өткен ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-сессиясында мақұлданды.
Еске ала кетейік, Франция астанасында өткен шараға Мемлекет басшысы Н.Назарбаев арнайы барып, конференцияға қатысушылар алдында сөз сөйледі.