Сүтті қайнату үшін арнайы ыдысты пайдаланған абзал. Себебі, сүт иісті тез сіңіріп алады. Сондықтан, оны ірімшік, сүзбе және тұздалған үй тағамдарынан алшақ қойған жөн.
Сүтті жаз мезгілінде 2-3 күн сақтау үшін оны күніне екі рет қайнату керек: таңертең және кешке. Қайнатқаннан кейін ыдыстың бетін жауып қойыңыз.
Сүтті күйдірмей пісіру үшін алдымен ыдысты суық сумен шаю керек. Күйген сүттің дәмін аздаған тұз қосу арқылы кетіруге болады.
Сүтті алюминий ыдыста сақтамаған абзал - жағымсыз дәм береді.
Майлылығы жоғары өнім (сүт) қажет болған жағдайда, сүт құйылған ыдысты қайнаған суға буландыру керек.
Сүт ерекше дәмді болуы үшін қайнатқаннан кейін 7-8 сағатқа термосқа құйып қою қажет.
Егер сүт күйіп кеткен жағдайда бастапқы дәмін қайтару үшін қолданылатын тағы бір тәсіл - ақ дәке арқылы бірнеше рет сүзгіден өткізу. Әр сүзген сайын дәкені суық сумен шайып отыру керек.
bankreceptov.ru