Англияның Ноттингемшир графствосының тұрғыны Джо Атертон ең ұзын қызылша өсіріп шығарды. Ұзындығы 7,21 метрді құрайтын өнім Гиннестің рекордтар кітабына енген.
Өсімдіктерді күтіп-баптаудың шебері, зейнеткер қарияның бұл - үшінші рекорды. Бұған дейін ең үлкен сәбіз, тамыры дәрі өсімдік - ең үлкен ботташықты (пастернак) өсіріп шығарған.
Бағбан аса зор көкөністерді арнайы тыңайтқыш қоспалардың арқасында өсіретінін жасырмайды.
Джо Атертон - бұрынғы шахтер, қазіргі алты немеренің атасы. Ол өзінің таңғаларлық алып өсімдіктер топтамасын Ворксте өткен ауылшаруашылық көрмесінде ұсынған.
guinness-records.info