Италия елінде дүниежүзіндегі ең үлкен торт пісірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италия елінде дүниежүзіндегі ең үлкен торт пісірілді

22.11.2015
Италия елінде дүниежүзіндегі ең үлкен торт пісірілді

Торттың көлемі 244 квадрат метр, ұзындығы 16,5,  ені 14 метр. Аспазшылар бұндай ерекше тортты әзірлеу үшін көп уақыт бөлген және  тортты әзірлеу барысында көп мөлшерде жеміс жұмсалған көрінеді.

Италияндық аспазшылар осындай алып десертті дайындау арқылы  британдық кондитерлердің 2014 жылы орнатқан рекордын жаңартты.

Тортта Италия мемлекетінің көрнекті жерлері әртүрлі пішінде бейнеленген. Өнімді дайындаушы аспазшылардың айтуынша, десертті безендіру үшін 4 сағат жұмсалса, тортты әсемдеу үдерісіне  300 дизайнер қатысқан.

Дайын болған торт өнімі  Милан қаласында өткен сауда жәрмеңкесінде ұсынылған. Гиннестің рекордтар кітабы жаңа рекордтың орнағанын ресми құжат жүзінде рәсімдеген. Кондитерлік өнім 12 мың бөлікке бөлініп,  қалаға келуші қонақтармен тұрғындарға таратылған.

Мерекелік шараны ұйымдастырушылар Италия елінің  пицца мен бренд өнімдерімен  ғана танымал емес екенін дәлелдеу үшін алдағы уақытта да  жаңа рекордты орнату  көздеуде.

Хабарламаларға жазылу